Меню KDT
logo.png?_=1461843680
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІ
ru kz en
НОВОСТИ | Все новости

Қызылордада мұғалімдердің тамыз конференциясы өтті.

29.09

Қызылордада білім саласы қызметкерлерінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» тақырыбындағы дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Конференция қорытындысында аймақ ұстаздары облыс әкімінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің наградаларымен марапатталды. Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицей ұжымына 17 млн. теңгенің сертификаты табысталды.

Жиын барысында өткен оқу жылы қорытындыланып, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы ұстаздарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер мен аймақтағы білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалып, жалпы республикада білім саласына енгізіліп жатқан жаңалықтар таныстырылды.

Дәстүрлі тамыз конференциясына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Мариямкүл Мұқатаева, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» дербес білім беру ұйымы Білім беру бағдарламалары орталығының директоры Жанар Абдильдина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, ардагер ұстаздар т.б қатысты.

Айта кетейік, тамыз кеңесіне облыс аудандары да онлайн режимде қатысты.

Аймақ басшысы Рухани жаңғырудың басты тірегі -ұстаздар, ал, оның іске асырылатын негізгі алаңы – біздің оқу орындары екендігін атап өтті.

Мен бүгін Сіздердің алдарыңызға облыстың әкімі ғана емес, өздеріңіз жақсы білетін “Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі және осы бағдарламаның әр тарауы мен әр қадамын  шын жүректен жақтаушы, жанашыр азамат ретінде келіп тұрмын. Рухани жаңғырудың мектеп және ұстаздар үшін аса маңызды болуының бірнеше себебі бар. Рухани жаңғыру – мемлекет пен қоғамды ішінен жаңартудың, адамның санасын өзгерту арқылы  елге жаңа сапа берудің әлемде баламасы жоқ, ерекше бағдарлама. Бұл бағдарлама Ұлттық  сипатта, бірақ, жеке тұлғалық деңгейде іске асады. Яғни, қоғамдық сана, жеке тұлғалық сананың өзгеруі негізінде іске асады. Сондықтан да, бұл бағдарламаның әр қадамы ұрпақ, яғни тұлға тәрбиелеу, азамат өсіру, маман дайындау жұмысымен қатар жүреді,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Айта кетейік, облыста білім беру саласын қаржыландыру жыл сайын өсіп келеді. Сала бюджеті 2015 жылы 63,9 млрд. теңгені құраған болса, 2016 жылы ол 70,0 млрд.-қа жетіп, 2017 жылы білім беру саласының қаржысы 2013 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 89,3 млрд. теңгені құрады. Облыстағы білім беру қызметі жалпы саны 293 болатын  9 бастауыш, 24 негізгі орта, 260 жалпы білім беретін орта мектептерде жүргізілетін болады. Оның ішінде шағын жинақталған мектептер саны – 22.

Облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаевтың айтуынша соңғы үш жылда облыс түлектері ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары балл жинап, республикадағы үздік бестіктің құрамына еніп отыр. Мәселен, былтырғы оқу жылында мектеп бітірген 6564 түлектің 95% коледждер мен университеттерде мемлекеттік білім гранты және ақылы негізде білімдерін жалғастыруға қол жеткізді. 2017 жылы 6196 түлектің 4123-і жаңа форматтағы ҰБТ сынағынан өтіп, орташа 82,4 балмен республика бойынша өз білім деңгейлерінің жоғары екендігін тағы да дәлелдеді.

Конференция  барысында ҚР Білім және ғылым министрілігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ш. Каринова, А. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті М. Е. Мұқатаева, облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев баяндама жасап, аудандардағы ұстаздар онлайн-режимде өздерінің көкейтесті сауалдарын жолдады.  

 

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысында үш ауысымды мектептер мәселесі мен   3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту толығымен шешілді. Енді жыл соңына дейін апатты жағдайдағы мектептер мәселесі  түбегейлі шешіледі деп жоспарлануда.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Тема обсуждений

Краткое описание обсуждения
19.07.2016
0

Тема обсуждений

Краткое описание обсуждения
19.07.2016
0

Тема обсуждения

Краткое описание
29.06.2016
1
Партнеры