Меню KDT
logo.png?_=1461843680
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІ
ru kz en
НОВОСТИ | Все новости

2016 ЖЫЛЫ ЖАҢА БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША БІЛІМ АЛҒАН 144 ПЕДИАТР ОҚУЫН АЯҚТАЙДЫ

15.03

Биылғы жылдың жаз мезгілінде қазақстандық медициналық ЖОО-ларда жаңа бағдарлама бойынша білім алған педиатрлардың алғашқы толқыны бітіреді. Осылайша, 144 педиатр жұмыс істеуге дайын болады, деп жазады mzsr.gov.kz.
Бұрындары хабарланғандай, 2007 жылдан бастап Қазақстанда барлық дәрігерлік мамандықтардың, оның ішінде педиатрларды дайындау бойынша жаңа жүйе енгізілген болатын.  Жаңа бағдарламаларда 5 жыл ішінде барлық дәрігерлерді жалпы базалық дайындау, сонымен бірге, әрі қарай интернатурада негізгі клиникалық мамандықтар бойынша (терапия, педиатрия, хирургия, акушерлік пен гинекология) бағдарлау және бейінді дәрігерлік мамандықтар, соның ішінде педиатрия бойынша міндетті резидентураны оқыту қарастырылған.
Аталған өзгерістер дәрігерлік кадрларды дайындаудың сапасын арттыруға бағытталған. Педиатрларды оқыту туралы айтар болсақ, жаңа стандарттар бойынша оларды дайындауға арналған сағаттар саны екі есеге жуық ұлғайтылған (Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша 2003 жылы 4 914 сағаттан Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша 2007 жылы 8 520 сағатқа дейін).
Бүгінгі таңда елімізді педиатрлармен қамтамасыз ету 10 мың тұрғынға шаққанда 3,6 болып отыр, бұл Еуропалық одақ елдері көрсеткішінен екі есе артық.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Тема обсуждений

Краткое описание обсуждения
19.07.2016
0

Тема обсуждений

Краткое описание обсуждения
19.07.2016
0

Тема обсуждения

Краткое описание
29.06.2016
1
Партнеры