Меню KDT
logo.png?_=1461843680
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІ
ru kz en
НОВОСТИ | Все новости

ЕЛБАСЫ БАТА БЕРГЕН ДЕМЕСОВТЕР ОТБАСЫНДА НҰРСҰЛТАН ЕСІМДІ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

15.03

Елбасының Сыр еліне келген сапарында Демесовтер отбасы көптен күткен пәтеріне қол жеткізіп, жаңа қоныстың алғашқы қонағы етіп Нұрсұлтан Әбішұлын қарсы алған еді. Құтты шаңырақтың дастарханынан дәм татқан Мемлекет басшысы Шалқар мен Айзадаға ақ батасын берген болатын.
«Сыр бойы» газетінің тілшісі хабарлағандай, жақында бұл отбасының қатары қызғалдақтай үш қыздан кейін ер баламен толықты. Үлкендер сәбиге Нұрсұлтан деп ат қойды.
- Жаңа қонысымызға Елбасынан соң шашу шашып келген ағайын-туыстың бір ғана тілегі болды. «Дүниеге ұл бала келсе, атын Нұрсұлтан қойыңдар» деп ақжарылқап көңілдерін білдіріп жатты. Бұл біздің де арманымыз еді, – дейді Шалқар.
Бұрыннан да балалы, базарлы үйдің шаттығы одан сайын шалықтай түсті. Қазір Самал, Жанерке, Гүлсезім атты қыздардың көптен күткен інісінің де, анасының да денсаулығы жақсы.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Тема обсуждений

Краткое описание обсуждения
19.07.2016
0

Тема обсуждений

Краткое описание обсуждения
19.07.2016
0

Тема обсуждения

Краткое описание
29.06.2016
1
Партнеры