Меню KDT
logo.png?_=1461843680
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІ
ru kz en
НОВОСТИ | Все новости

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ҮШЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМ ҚАБЫЛДАНДЫ

15.03

«Тұран» өңірлік даму» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қызылордада «Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Оған «Жас Отан» ЖҚ-ның мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен қалалық ювеналды полиция қызметкері қатысты. Кездесуде жастар арасындағы құқықбұзушылық мәселелері қозғалды. Ювеналды полиция аға лейтенанты А.Нұрымбетова тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетті. 
Жиын соңында бірлескен іс-қимыл жасау мақсатында «Тұран» өңірлік даму» қоғамдық қоры, «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы және «Қызылорда - Ақиқат айнасы» жастар қоғамдық бірлестігі үшжақты меморандум қабылдады.
Қор мүшелері сондай-ақ ювеналды полиция қызметкерлерімен бірге жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз сағат 22:00-ден бастап ойын-сауық орындарында және сағат 23:00-ден бастап көшеде жүрмеуіне жол бермеу мақсатында түнгі рейд ұйымдастырды. Бұған дейін Жаңақорған кентіндегі № 4 мектеп-интернатта, Қызылорда қаласындағы № 235 мектепте оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Шиелі және Жаңақорған кенттерінде акциялар ұйымдастырылды. Тегін кеңес беру жұмыстары айына кемінде бір рет жүргізіледі.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения

Тема обсуждений

Краткое описание обсуждения
19.07.2016
0

Тема обсуждений

Краткое описание обсуждения
19.07.2016
0

Тема обсуждения

Краткое описание
29.06.2016
1
Партнеры